Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді

08.10.2014
Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді

«Қазақстан Републикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес ағымдағы жылғы 26 қазанда республиканың 14 өңірінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау 48 сайлау округінде өтеді, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.

Барлығы 48 депутат сайланатын болады: Алматы қаласы  мәслихатының 2 депутаты, облыстық мәслихаттардың 2 депутаты, қалалық мәслихаттардың 13 депутаты және аудандық мәслихаттардың 31 депутаты сайланады.

Барлығы 150 кандидат тіркелді. Олардың 111-і (74 %) – ер адамдар және 39-ы (26 %) – әйел адамдар.

Тіркелген кандидаттардың ішінде 7 ұлттың өкілі бар. Орташа жасы – 42 жас.

Кандидаттардың 51,3 пайызы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда, 31,3 пайызы – коммерциялық құрылымдарда қызмет жасайды, 7,3 пайызы саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымның қызметкерлері, 10 пайызы басқа да жұмыс топтарының өкілдері.

Қазіргі уақытта күнтізбелік жоспарға сәйкес, сайлау алдындағы үгіт кезеңі басталды.  Ол 24 қазада аяқталады. Сайлау өтетін күннің алдындағы күні және дауыс беру күні сайлауалды үгітке тыйым салынады.

Хабарламаларға жазылу