Апатты үйлер жаппай бұзылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Апатты үйлер жаппай бұзылып жатыр

08.10.2014
Апатты үйлер жаппай бұзылып жатыр

Қостанай облысының Арқалық қаласында апатты жағдайда тұрған көпқабатты үйлер бұзылып жатыр. Тоқсаныншы жылдары тұрғындардың жаппай көшуі салдарынан қаланың тең жартысы қаңырап қалғаны мәлім. Иесіз қалған ғимараттарды жеңіл пайда іздегендер тонап, алуға болатын заттың бәрін тасып алған.

2012 жылы Арқалық қаласында 117 көпқабатты тұрғын үй мен 36 әкімшілік ғимарат апатты жағдайда деп танылды. Қирандылардан құтылудың жалғыз жолы – бұзып алып, орнын тазалау ғана. Сол мақсатта 2013 жылы ел Үкіметі шағын қалаға 100 миллион теңге  бөлді. Бұл қаржыға 17 көпқабатты тұрғын үй бұзылды. Жұмыс биыл да жалғасын тапты. 

Биыл тағы да 27 апатты нысанды бұзу үшін ел қазынасынан 250 миллион теңге бөлінген. 

Биыл жыл аяқталғанша бұзылған көпқабатты үйлердің жалпы саны 60-қа жетуі тиіс. Ел Үкіметі Арқалық қаласын келер жылдың соңына дейін қирандылардан толық арылтуды көздеп отыр.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

 

Хабарламаларға жазылу