Этнографиялық экспедиция Оралда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Этнографиялық экспедиция Оралда

08.10.2014
Этнографиялық экспедиция Оралда

Елбасының батасын алып, жолға шыққан «Менің елім. Каспийден Алтайға дейін» атты этнографиялық автоэкспедициясы Оралға жетті. Еліміздің туристік мүмкіндіктерін насихаттауға бағытталған экспедицияның алғашқы сапары Маңғыстау облысына арналған. Бес отандық автокөлікке мінген 20 саяхатшы 2 ай ішінде еліміздің 16 қаласында болып, 10 мың шақырымды жүріп өтеді. Кейін сапардың барысын баяндаған деректі фильм дайындалып, фотожинақ жарық көреді. Орал қаласында қонақтар жастармен кездесіп, сапардың мақсаты жөнінде айтып берді.

Данияр Жұмаділов, экспедиция мүшесі:

Мақсатымыз жастарға, Қазақстанның тұрғындарына елімізді, жерімізді насихаттау. Өйткені қазір көбісі шетелдерге барып жатыр. Елімізде мақтан тұтатын жерлер бар. Оны ешкім көрген емес әлі. Осы жылы Маңғыстаудың әдімі жерлерін таныстырамыз.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу