Елімізде 230-дан астам нысан санитарлық талапқа сай емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 230-дан астам нысан санитарлық талапқа сай емес

07.10.2014
Елімізде 230-дан астам нысан санитарлық талапқа сай емес

Елімізде жұмыс істеп тұрған 230-дан астам нысан санитарлық талапқа мүлде сай келмейді. Олардың 67 пайызы орта мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер.

Сондай-ақ, 37 аурухана мен емхана ғимараты апатты жағдайда жұмыс істеп тұр. Ал, 33 сумен қамту нысанының жағдайы тіпті мүшкіл. Үкімет отырысының жай-жапсары айтылған брифингте Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Әлиақпар Матишев осындай мәлімет таратты.

Талапқа сай келмейтін нысандардың 164-і жұмысын әлдеқашан тоқтатуы тиіс екен.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу