Шымкентте Қытайдан келген екі жұмысшы өндіріс орнында күйіп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте Қытайдан келген екі жұмысшы өндіріс орнында күйіп қалды

07.10.2014
Шымкентте Қытайдан келген екі жұмысшы өндіріс орнында күйіп қалды

Шымкентте Қытайдан келген екі жұмысшы өндіріс орнында күйіп қалып, біреуі қайтыс болды. Оқиға индустриялық аймақтағы «Амир-А»  арматура зауытында болған.

Темір балқытып жатқанда, сұйықтық жұмысшылардың үстіне шашырап кеткен. Соның салдарынан біреуінің денесін 95 пайыз, ал екіншісін 60 пайыз күйік шалған.

Ауыр жарақат алғандарды зауыт қызметкерлері өз көліктерімен ауруханаға жеткізген. Алайда, дәрігерлер 41 жастағы науқасты аман алып қала алмады.

Қазір келеңсіз жәйттың себебін анықтау үшін еңбек инспекциясы тарапынан арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстары басталып кетті.

Айнұр АҚБАЕВА 

 

 

Хабарламаларға жазылу