Депутаттар Еңбек қауіпсіздігі туралы конвенцияны талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар Еңбек қауіпсіздігі туралы конвенцияны талқылады

07.10.2014
Депутаттар Еңбек қауіпсіздігі туралы конвенцияны талқылады

Өткен жылы өндірісте 2 мыңға жуық азамат жарақат алды. Ал 300-ден астамы қаза тапқан.

Ал осыдан 2 жыл бұрынғы көрсеткіш тым жоғары еді. Жұмыста өміріне қауіп төнгендердің қатары 2300-ге жетеді. Алайда мұндай қауіп-қатердің алдын алуға сеп болатын құжат бүгін Сенат депутаттарының назарына ұсынылды.

Депутаттар Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы конвенцияны талқылады. Халықаралық құжат 2006 жылғы Женева қаласында Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 95-сессиясында қабылданған.

Конвенцияны ТМД елдері ішінде Ресей мен Молдова мақұлдады. Заң жобасының көздегені – өндірістік жарақаттану, кәсіптік ауруға шалдығу және өндірісте адамдардың қаза болу жағдайларының алдын алу. Жан-жақты талқылаудан соң сенаторлар құжаттың жалпы отырыста қаралатынын айтты.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

 

Хабарламаларға жазылу