Қарттарын қадірлеген ел ардақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарттарын қадірлеген ел ардақты

07.10.2014
Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Осы бір дана сөзді Алматыдағы №3 оқушылар үйінің балғындары көкейіне жіті тоқыған.

Дүниежүзілік қарттар мерекесінің аясында оқушылар бүгін жалғызілікті зейнеткерлер мен қарттарға арналған әлеуметтік тұрғын үйге барды. Ән мен биден шашу шашып, қариялар көңілін бір серпілтті.

Қазір Бостандық ауданында 36 мың зейнеткер бар. Соның 200-і соғыс ардагері болса 4500-і тыл майдангерлері. Ал, 500-ге жуығы жалғызбасты қарттар. Соның 60-ы осы әлеуметтік тұрғын үйді мекендейді.

Олардың көңілін аулау үшін жергілікті билік ауқымды шаралар жиі өткізеді.

Айгүл ЕРМАХАН

 

 

 

Хабарламаларға жазылу