Электронды үкімет қызметі мол мүмкіндік береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электронды үкімет қызметі мол мүмкіндік береді

06.10.2014
Электронды үкімет қызметі мол мүмкіндік береді

Электронды үкіметтің мүмкіндігі мол. Жыл сайын оған жүгінетін адамдардың саны артып, қызмет сапасы жақсарып келеді. Бұл жоба уақытты тиімді пайдалануға, кезекті қысқартуға жол ашты. Сондай-ақ, жемқорлыққа жол бермеудің ең тиімді құралдарының бірі.

Бүгін шетелден келген делегация халыққа қызмет көрсету орталықтарында болып, біздегі заманауи қызметтермен танысты. Әзірге 160 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, келер жылдан бастап ол 191-ге жетеді. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының да әлеуеті артып отыр. Жүргізуші куәлігін алу, практикалық және теориялық етмихан тапсыру барлығына екі-ақ сағат уақыт кетеді.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу