Алматыда қызметтік иттердің халықаралық сайысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қызметтік иттердің халықаралық сайысы басталды

06.10.2014
Алматыда қызметтік иттердің халықаралық сайысы басталды

Алматыда ТМД мемлекеттері кеден қызметтері арасында қызметтік иттердің көпсайысы басталды. Елде алғаш ұйымдастырылған шараға 7 елдің ең мықты кинолог-мамандары қызметтік іздестіру иттерімен қатысып, ТМД елдерінің тәуелсіз төрағалары сайысқа қазылық етпек. Жарыс 5 деңгейде өткізіледі. Кинолог итімен уақытша сақтау қоймасында, стадионда, әуежайда, автокөлік пен жүк көліктерінде жасырынған есірткі, қару, жарылғыш заттарды сайыс ережесіне сай дәл табу қажет. Шеберлігімен көзге түскен үздік топ қазанның 10-да өтетін жабылу рәсімінде анықталады.

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу