Құрбан айтта мұқтаж жандарға көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрбан айтта мұқтаж жандарға көмек көрсетілді

06.10.2014
Құрбан айтта мұқтаж жандарға көмек көрсетілді

Қасиетті Құрбан айттың үшінші күнінде Алматы облысына қарасты Талғар ауданында  құрбандыққа шалынған 60 қой мен 2 ірі қараның еті көмекке мұқтаж жандарға теңдей үлестірілді. Мыңға жуық кембағал, жетім-жесірлер мен көп балалы отбасылар жайылған дастарханнан дәм татты. Әрбір пендені ізгілікке бастап, адамгершілік құндылықтарға үндейтін өлеңдер тыңдалып, бабадан қалған ғұрыптар дәріптелді.  

Әдетте құрбан айт мерекесі тек діни мейрам ретінде атап өтілетін. Биыл ата-ғұрыпты жаңғыртумен ерекшеленді.

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу