Мәртебесі биік діни мереке саналатын Құрбан айт Түркияда да тойланды. Анкарада мал сойылатын 100 ден аса жер белгіленді. Олардың әрқайсысында 500-ге жуық шатыр тұрғызылды.
Түркияда бір қойдың құны 60-70 мың теңге шамасында. Бағаның қымбаттығына қарамастан құрбан шалуға ниет білдіргендердің саны былтырғыданда көп болды.
Құрбан айт асыға күтетін қасиетті мереке. Бірлік пен бейбітшіліктің, ырыс пен ынтымақтың жарқын көрінісі саналатын бұл мейрамда Анкаралықтар қазақ бауырларын мерекемен құттықтады.
Бақытжан ОМАР