Әлемнің сегізінші кереметі табылғанына 40 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің сегізінші кереметі табылғанына 40 жыл

04.10.2014
Әлемнің сегізінші кереметі табылғанына 40 жыл

Осыдан қырық жыл бұрын әлемнің сегізінші кереметі атауына лайық деп танылған тарихи мұра табылды. Ол – Қытайдың Шаньси провинциясы Сиань қаласының маңында жерленген Цинь императорының терракота әскері.

Ян Шыхуа кезінде қарапайым шаруа болған. Ал, қазір Шихуандидың тас әскерін тауып, аты тарихқа енген ардақты азамат. Ол тарихи жәдігерді 1974 жылдың наурыз айында үйінен құдық қазуға шыққанда тапқан.

1987 жылы ЮНЕСКО сессиясында терракота әскері бүкіләлемдік мұралар тізіміне алынды. Бүгінде ол әлем әлеуметі үшін маңызды  тарихи ескерткіш, ал, әрбір қытайлық үшін ұлт абыройын асқақтатқан атадан қалған асыл мұра.

Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу