Украинадағы жағдайды реттеуге ЕҚЫҰ күш салуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадағы жағдайды реттеуге ЕҚЫҰ күш салуы керек

04.10.2014
Украинадағы жағдайды реттеуге ЕҚЫҰ күш салуы керек

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Женеваға сапары барысында Шіркеулердің бүкіләлемдік кеңесінің бас хатшысы Олаф Твейтпен кездесті.

Кеңес басшысын 2015-жылы Астанада өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне шақырды.

Бас хатшы әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Украинадағы жағдайды реттеу қажет», - дейді. Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік ассамблеясының күзгі отырысында бұл мәселе қызу талқыланып жатыр.

Ассамблея төрағасы Илкка Канерва, Ресей мен Украина үкіметтерін 1975-жылы қабылданған Хельсинки келісімшартының талаптарын сақтауға шақырды. Дегенмен, тараптар бірін-бірі айыптағаннан басқа, ортақ мәмілеге келе алмай отыр. 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

 

Хабарламаларға жазылу