Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Ұстаз – ұлағатты ұлы есім» атты шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Ұстаз – ұлағатты ұлы есім» атты шара өтті

04.10.2014
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Ұстаз – ұлағатты ұлы есім» атты шара өтті

«Ұстаз – ұлағатты ұлы есім» атты салтанатты шарада оқу орны басшысы ұстаздарды құттықтап, педагог мамандар даярлауда елеулі табыстарға қол жеткізген бірқатар профессор-оқытушыны марапаттады.

Ал, өнерпаз студенттер болса, ұстаздар құрметіне ән мен жырдан шашу шашты.

Жалпы, мұғалім кадрлар дайындайтын елдегі ең іргелі білім ошағы 86 жылда 200 мыңнан аса маман дайындап шығарған. Оқу орнында қазір 1500-ден аса профессор-оқытушы еңбек етеді.

Жазира ИСАЕВА

 

Хабарламаларға жазылу