Мақта бағасының белгіленбеуі шаруаларға қиын соғып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақта бағасының белгіленбеуі шаруаларға қиын соғып тұр

02.10.2014
Мақта бағасының белгіленбеуі шаруаларға қиын соғып тұр

Оңтүстік Қазақстан облысында мақта терімі науқаны басталғанына айға жуықтаса да, сатып алу бағасы белгісіз болып  тұр. Қабылдау пункттері де, мақта өңдеу зауыттары  да нақты нарықтық бағаны бекітуге асығар емес.  Соның салдарынан шаруалар дайын өнімін сата алмай, әбігерге түсуде.

Онсыз да шығынға шаш етектен батқандар кімнен көмек сұрарын білмей дал. Мақтарал ауданы, Жамбыл ауылында тұратын Бегімхан Құрбанов пай үлеске тиген жеріне түгел мақта еккен. Жаз бойы еңбек етіп, күзде қарық боламын деп үміттенген. Алайда қазан айы болса да, терілген мақта шаруаның шығындарын жабатын түрі жоқ.

Айнұр АҚБАЕВА  

Хабарламаларға жазылу