Қызылордада озық ойлы балалардың «Эксполанд-2014» көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада озық ойлы балалардың «Эксполанд-2014» көрмесі өтті

02.10.2014
Қызылордада озық ойлы балалардың «Эксполанд-2014»  көрмесі өтті

Қызылордада ойы ұшқыр, қиялы жүйрік балалардың идеялар көрмесі өтті. «Эксполанд-2014» шарасына аймақтың түкпір-түкпірінен отызға жуық жас ғалым қатысты.

Бірі Сыр еліндегі туризмді дамытуды ғылыммен байланыстырса, екіншісі ғарыш әлеміне қол созған. Мұнаймен ластанған топырақты тазартудың тың тәсілін ұсынғандар да бар. Ерекше жобалар алдағы уақытта жіті зерттеледі. Ізденімпаз жастың бірі Сүндет Тілеу мамандар назарына туған аулын сумен, әрі электр энергиясымен қамтамасыз ететін тың жобасын ұсынды.

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу