Тараз қаласында тұратын Данил есімді мектеп оқушысы тұрғын үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бақылау жүйесін ойлап тапты.
Жас өнертапқыштың бұл ғылыми жаңалығы қарапайымдылығымен ерекшеленеді.
Сондай-ақ, бағасы қазір қолданыста жүрген қауіпсіздік жүйелерінен екі-үш еседей арзан. Жасөспірімнің бұл еңбегіне қазірдің өзінде ресейлік мамандар қатты қызығушылық білдіріп отыр.
Қазір 10 сыныпта оқитын Данилдың арманы – асқақ, мақсаты – айқын. Келешекте радиоэлектроника және бағдарлама түзуші мамандықтарын қоса игеріп, сол саланың білікті маманы атансам, дейді.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ