Қостанай облысында Серік Бектұрғанов сайлауда басым дауыс жинады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында Серік Бектұрғанов сайлауда басым дауыс жинады

01.10.2014
Қостанай облысында Серік Бектұрғанов сайлауда басым дауыс жинады

Қостанайда Сенат депутаттығына үміткер Қостанай облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Серік Бектұрғанов сайлаушылар дауысының басым бөлігін жинады.

Облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркованың хабарлауынша, ҚР Парламент Сенатының депутаттығына үміткер ретінде үш адам тіркелген.

Сайлауға 290 сайлаушы қатысты. Төрт депутат белгілі себептерге байланысты дауыс беруге келе алмады. Өз дауыстарын С.Бектұрғановтың пайдасына сайлаушылардың басым бөлігі - 240 адам берді. Сайлау бюллетеньдерінің ешқайсысы жарамсыз деп танылмады.

Сайлау барысын саяси партиялар мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ екі ТМД бақылаушысы қадағалады.

Сайлаудың нақты қорытындысы Орталық сайлау комиссиясында сайлау өткізілгеннен кейінгі жеті күн ішінде жасалады.

 ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу