Қыстың көзі қырауда, жаңа үйлердің құрылысы тоқтап тұр. Шығыс Қазақстандағы Ақсуат ауылындағы тұрғындар осыны айтып, шырылдап жүргендеріне біраз уақыт болды.
Зайсан көлінің жағасында орналасқан осы шағын елді мекен туралы репортаж біздің арнаның жаңалықтарынан осыдан 2-3 ай бұрын көрсетілген. Көлдегі су деңгейі жоғары болғандықтан, мұндағы бірнеше үйді су шайып кету қаупі бар екенін айтылған еді. Көп ұзамай осы ауылда жаңадан 6 үй салына бастады.
Берік КӨШЕРБАЕВ