Биыл алғаш рет аталып өткен Еңбек күнінде Жамбыл политехникалық колледжінің студенттері «Қазфосфаттың» минералды тыңайтқыштар шығару зауытында болды. Болашақ маман иелері - бақылау, өлшеу аспаптары және автоматика негіздері мамандығын игеруде.
Студенттер күкірт шығару цехындағы заманауи құралдарды көріп, оларды пайдалану, басқарудың қыр-сырына қанықты. Бұл цех үдемелі индустриялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған өңірдегі тың жобаның бірі. Инновациялық жетістіктерге негізделген жаңашылдығымен ерекшеленеді.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ