Шараға шаһар бойынша жұмыссыз ретінде тіркелген 1500 адам шақырылып өңірдегі 16 мекеме 690 бос жұмыс орнын ұсынды. Бұдан бөлек, келушілерге «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өз кәсіптерін ашуға ниетті азаматтарға мамандар кеңес берді.
Жалпы, бұл жәрмеңкеде екі жүзге жуық адам жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Ай сайын ұйымдастырылатын жұмыс жәрмеңкесі арқасында 8 айда 300-ден астам адам тұрақты жұмысқа орналасты. Десек те, өңірдегі бірқатар ірі жоба құрылысының аяқталуына байланысты жұмыссыздар санының көрсеткіші азаяр емес.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ