Тіл білгенге жол ашық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тіл білгенге жол ашық

27.09.2014
Тіл білгенге жол ашық

Бәсекелес болу - бір-бірінен оза түсуге, алға ұмтылуға жетелейді. Бұл жарыстың бір түрі, деп түсінеді Шұбарқұдық гимназиясының оқушылары. Ақтөбе облысы Темір ауданындағы бұл мектеп білім жағынан облыста көш бастап тұр. Өйткені, оқушылары жаңашылдыққа құмар. Үш тілді меңгеріп, ғылымға ден қойған. Бұған,  ұстамы мықты ұстаздыңда үлесі зор. Ағылшын тілі - қазір жүзден аса оқушының сүйікті пәні. Ал, жас мұғалім Жұлдыз Сейітова мектепке келген әр баланы үш тілде еркін сөйлеуге үйретуді мақсат тұтқан.

Жұлдыздың ұстаздық еткеніне - 3 жыл. Осы аралықта ол «Дарын» мұғалімдер олимпиадасының жеңімпазы, бірнеше байқаудың жүлдегері атанды. Бірақ, тоқмейілсуге әлі ерте, дейді ол. Дарынды жас ауылдан шығады, деп білетін Жұлдыз ауыл балаларын әріп танығаннан ағылшын тіліне баулымақ. Орыс тілінен де білімдерін жетілдіріп, мықты маман болып қалыптасуы үшін тер төкпекші. Болашақты алыстан бағдарлаған ауыл мұғалімінің жоспары көп, бағыты айқын.

 

Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу