Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі

26.09.2014
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі

«Мерейлі отбасы» байқауы еліміздегі жас жұбайлардың жарасымды жанұя болуға деген ұмтылысын арттырады. «Енді үздік отбасыларға қарап өзгелер бой түзейді дейді», қызылордалық Әлібековтер әулеті.

Республикалық сайыста аймақ атынан қатысқан шаңырақ иелері туған жерге Елбасы табыстаған көлікпен оралды.

«Отбасы құндылығын арттыру, жарасымды жанұя болу, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу мәселесіне үлкен мән беру қажет. Өйткені мерейлі отбасы - мемлекет тірегі»,- дейді отағасы.

Әлібековтер мыңнан астам шаңырақтың арасынан таңдалған үздік 16 отбасының қатарында болуды өздеріне зор мәртебе санайды. Әрі мұндай атақ жауапкершілік жүктейтінін біледі. Өйткені, жарасымды жанұяға қарап сыр бойының өзге де отбасылары бой түзейді, мерейі үстем отау болуға ұмтылады.

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу