Кеше Семейдегі №19 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары мектеп асханасында астан ұшынғандығы туралы айтқан едік.
«Өткір ішек инфекциясына шалдыққан» - деген диагнозбен жұқпалы аурулар ауруханасына 8 бала түскен. Бүгін дәл осы диагнозбен емханаға жеткізілгендердің саны 29 ға жетті.
Қазір дәрігерлер қажет емдік шараларды жасап жатыр. Олардың айтуынша, 27 баланың денсаулығы орташа.
«Ауыр халде жансақтау бөліміне түскен екі оқушының да жағдайы қалыпты»,-дейді.
Қазір оқушылар ұшынған мектеп асханасында тексеру жүргізіліп жатыр.
Еражн ЖАҚЫП