Қостанай облысына қарасты Қостанай ауданында 1600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар. Биыл соның 153-і еңбек етуге ниет білдіріп, жұмыспен қамту орталығына өтініш берген.
Жергілікті билік өкілдері олардың өтінішін бірінші кезекте өтеуге тырысады. Соның арқасында ондаған азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.
«Көп жағдайда мұндай азаматтардың еңбек қабілетіне жұмыс берушілердің талабы сәйкес келмей жатады»,- дейді мамандар. Әйтсе де, билік өкілдері мәселенің оң шешімін табуына күш салады.
Жалпы Қостанай облысындағы Қостанай ауданы бойынша қазір 77 мүмкіндігі шектеулі жан еңбекпен қамтылған.
Дәуренбек ӘБДІБЕК