Елордалық 120-ға жуық оқушы әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен танысты. Шара алдағы уақытта өтетін респубикалық әскери-патриоттық акциясының аясында ұйымдастырылған.
Жас өрендердің назарына заманға сай қару-жарақ, техника мен әскери киім-кешектердің көрмесі ұсынылды.
Оқушылар 30 жылдан астам тарихы бар Ұлттық Ұланның орталық мұражайын аралады.
Сондай-ақ, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында жауынгерлердің ерен ерлігі мен қызметін баяндайтын танымдық бейнефильм көрсетілді.
Лаура БЕКЖІГІТ