Қызылордада «Ата кәсіп - алтын мұра» атты еңбек әулеттерінің форумы өтті.
Алғаш рет ұйымдастырылған шараның мақсаты - Елбасының жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын қолдау.
Форумға білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау, ауыл шаруашылығы салаларында жемісті еңбек жүрген әулеттер қатысты.
Ата кәсібін жалғап, еңбекпен көктеп-көгеріп отырған отбасылар жастарды масылдықтан аулақ болып, тынбай жұмыс істеуге шақырды.
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ