Елімізде лифт шаруашылығы ақсап тұр. Қолданылу мерзімі бітсе де, жұмыс істеп тұрған «қырық құрау» лифтілер бар. Бір лифтіні жаңасына ауыстыру үшін 5 миллион теңге қаражат керек.
Жергілікті бюджеттен оған қаражат бөлінбейді. Өйткені, жеделсатылардың дені жеке мекемелердің қарауында. Ал, тозған лифтілердің зардабын тұрғындар тартып келеді.
Шынар АСАНҚЫЗЫ