Бүкіләлемдік жүрек күні аталып өтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүкіләлемдік жүрек күні аталып өтіледі

24.09.2014
Бүкіләлемдік жүрек күні аталып өтіледі

Қазақстан жүрекке ең күрделі операция жасайтын әлемдегі 20 елдің қатарына енді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде еліміздің бас кардиологы Сәуле Әбсейітова сала жаңалықтарымен бөлісті.

Кардиология саласының ең озық тәсілі саналатын жасанды жүрек қарыншасын имппантациялау қазір қарқынды жүзеге асырылуда.  Соңғы үш жылда 124 науқасқа осындай аса күрделі операция жасалған. Жеті жүрек трансплантациясы сәтті өтті.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу