Павлодарда мемлекеттік мекеме директоры өзіне 800 мың теңге еңбекақы тағайындаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда мемлекеттік мекеме директоры өзіне 800 мың теңге еңбекақы тағайындаған

24.09.2014
Павлодарда мемлекеттік мекеме директоры өзіне 800 мың теңге еңбекақы тағайындаған

Мемлекеттік мекемені басқарып ай сайын 800 мың теңге алып отыруға болады екен. Павлодардағы диагностикалық орталық директорының   еңбекақы мөлшері осындай. Мәліметке қарағанда медициналық мекемеге өткен жылы ақылы қызметтен 30 миллион теңге кіріс түскен.

Бұл қаржыны  басшылық сыйақы ретінде өзара бөліске салыпты.  Соның салдарынан диагностикалық орталықтың шығыны  219 пайызға жетті.

Болат АМАНБАЕВ  

Хабарламаларға жазылу