Солтүстік Қазақстан облысындағы мерейі тасыған отбасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысындағы мерейі тасыған отбасы

23.09.2014
Солтүстік Қазақстан облысындағы мерейі тасыған отбасы

«Мерейлі отбасы» байқауынан мерейі тасып қайтқандардың бірі – теріскейлік Магомедовтер.

Сала Магомедов әкесі Харонның медальдарын көзінің қарашағындай сақтайды.

Ішкі істер органдарында 30 жыл еңбек еткен ол өмір жолын таңдауына әкесінің ықпал еткенін айтады. Өйткені, әкесі мен атасы да құқық қорғау органдарында қызмет еткен.

Қазір бұл әулеттің төртінші буыны полицияда еңбек етеді. Хасан желілік ішкі істер бөлімінде, ал Имран – учаскелік инспектор.   

Ана сүтімен сіңген ұлағатты тәрбиенің арқасында еліне адал еңбек етіп жүрген жігерлі жастар.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу