Кезінде бұл шаһардың құрылуына академик Қаныш Сәтбаев тікелей мұрындық болған еді.
Жаңа қаланың өндірістік келешегі ескеріліп, тездетіп еңсе көтеруі қолға алынғанда Ұлытаудан басталатын Кеңгір өзенінің арнасын бұрғызып, су қоймасын салдыртқан да осы кісі.
Биыл ерте көктемде қаланың 60 жылдық мерейтойына орай жыр мүшәйрасы, ең үздік ән байқауы жарияланған болатын. Мінеки, соның қорытындысы шығарылып үздік шыққан ақындар мен композиторларға сый-сияпат жасалды.
Мерейтой орталық алаңдағы гала-концертпен қорытындыланды.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ