Шымкентте зауыт өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте зауыт өртенді

22.09.2014
Шымкентте зауыт өртенді

Шымкентте «Оңтүстік» индустриалды аймағындағы зауыттардың бірі өртенді.

«Тілсіз жау»  автокөліктердің ескі доңғалақтарын  қайта өңдейтін «ЭКО Шина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауласында тұтанған.  

Өрт  бір сағаттың ішінде 400 шаршы метр аумақты шарпыған. Оны сөндіруге Төтенше жағдай қызметінің 16 өрт сөндіру техникасы мен 80 жеке құрамы жұмылдырылды.

Айнұр АҚБАЕВА      

Хабарламаларға жазылу