Анкарада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған аула паркі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкарада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған аула паркі ашылды

19.09.2014
Анкарада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған аула паркі ашылды

Бастаманы алғашқы болып Кечиорен ауданының әкімшілігі қолға алды. Себебі, бұл жерде мүмкіндігі шектеулі 3 мыңға жуық жасөспірім тұрады.

Парктегі аттракциондардың барлығы оларға ыңғайлы етіп жасалған. Ойын алаңына омыртқа, бел ауруларын емдеуге арналған арнайы әткеншектер орнатылған.

Әзірге мұндай парктер Анкараның тек бір ауданында ғана бар. Алдағы уақытта олардың саны арта түспек.

Тек ел астанасында ғана емес, өзге де қалаларда жалғасын табады.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу