Қазан айының біріне жоспарланған Парламент Сенатының депутаттарын сайлауына 129 бақылаушы қатысады. Оларды тіркеу 25 қыркүйекте аяқталады.
Соңғы мәлімет бойынша, науқан барысын бақылауға ТМД елдерінен 103 адам, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы миссиясынан 4 адам, шет мемлекеттерден 22 адам тіркелді. Бұдан бөлек, 17 мемлекеттен сайлау барысынан ақпарат таратуға 100-ден астам БАҚ өкілі тіркелген.
9 кандидат үгіттік іс-шараларды жүргізу үшін өз сайлау қорларын құрды. Үгіт жұмыстары 29 қыркүйек күні 24:00 де яқталатын болады.
Сайлау қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы 7-ші қазаннан кешіктірмей жариялайтын болады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ