Шара шеңберінде көпке үлгі болар тұлғалар ауыл мектептерін аралап, оқушылармен кездеседі. Өздерінің еңбек жолдарын айтып, биік белестерді бағындырудың қыр-сырымен бөліседі.
Сондай тағылымды басқосу Қостанай облысындағы Май ауылының мектебінде өтті. Ондағы оқушылар «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысының жетекшісі Данат Жуминмен дидарласты.
Данат Жумин - осы ауыл мектебінің түлегі. Оқуды тәмамдаған ол бизнеске білек сыбана кірісіп, табысты кәсіпкерлердің қатарына қосылды.
Осындай жетістіктерге жетудің жолын, жаңа жобаның арқасында жас көшбасшы өз жерлестеріне баяндауда.
Дәуренбек ӘБДІБЕК