Жиында, Қазнеттің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы, интернетті дамытудың басты трендтері, интернетке қосылу, электронды ақша және ғаламтор арқылы төлем жүргізу мәселелер талқыланды.
Осыдан 10 жыл бұрын, ғаламтор пайдаланушылардың саны халықтың 4 пайызына жетпеген, қазір ол көрсеткіш 12 миллионды құрап отыр.
Республикамыздың барлық қаласы мен шалғай ауылындағы тұрғындар 3G жылдамдығындағы интернетті пайдаланады.
Ал келер жылдан бастап, елді мекендерді жоғарғы жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету үшін «Оптикамен ауылға» акциясы басталмақ.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ