Елорадалық полиция басқармасы «Нұр Отан» партиясы өкілдерімен бірігіп, «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырды.
Мақсат – жүргізушілердің жол полиция қызметкерлеріне деген сенімдерін арттыру, құқықтарын қорғау бойынша кеңес ұсыну.
Акция барысында 300-ге жуық жүргізуші сауалнамаға жауап берді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің жұмысы бағаланып, ұсыныс-тілектері де айтылды.
Ендігі нәтижесі полиция комитетінде талқыланатын болады.
Айғаным АЛИПОВА