Қоғам туған баласы мен мен ата-анасын тастап кеткендерді ұят деп бағалауы қажет – Н.Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғам туған баласы мен мен ата-анасын тастап кеткендерді ұят деп бағалауы қажет – Н.Назарбаев

19.09.2014
Қоғам туған баласы мен мен ата-анасын тастап кеткендерді ұят деп бағалауы қажет – Н.Назарбаев

«Бүгінде Қазақстанда 34 мың ата-ана қамқорынсыз қалған және жетім бала бар. Ал, 149 мыңға тарта бала мүмкіндігі шектеулілер қатарында. Оларға қолдау аса қажет».

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Жеті мыңнан астам қария қарттар үйінде тұрып жатыр. Олардың біразының дені сау әрі табысты балалары бар. Біз қандай жаугершілік заманның өзінде жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған елміз. Қоғам туған баласы мен мен ата-анасын тастап кеткендерді ұят деп бағалауы қажет», деді Президент.

Хабарламаларға жазылу