Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысуда. Бұл туралы Ақорданың Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.
«Соңғы жылдары халқымыздың саны 14,8 миллионнан 17 миллионға артты. Тек өткен 1 жылдың өзінде 254 мың адамға көбейдік. Салыстыру үшін айтар болсақ, бұл тұтас Қостанай қаласының халық санымен пара-пар»,- деді елбасы шара барысында.