Батыс Қазақстан облысында Сенатқа сайланатын үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында Сенатқа сайланатын үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде

19.09.2014
Батыс Қазақстан облысында Сенатқа сайланатын үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде

Үміткерлер кезекті кездесуін Теректі ауданында өткізіп, сайлаушыларға өз бағдарламаларын таныстырды.

Бастапқыда 4 азамат тіркелсе, кейін оның біреуі денсаулығына байланысты өтінішін қайтарып алды.

Үш үміткердің бірі - Ерболат Мұқаев. Сенат депутаттығына үш аудан мәслихаттарының шешімімен қайта түсіп отыр.

Ал Батыс Қазақстан электр таратушы компаниясының президенті Қуат Мусин мен «Батыс су арнасы» серіктестігінің директоры Асылбек Саққазов өзін-өзі ұсынғандар.  

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу