1-ші қазанда елімізде сенаторлар сайлауы өтеді. Қазір 16 аймақта осы шараға дайындық жүріп жатыр.
Павлодар облысында 5 адам өтініш беріп, олардың үшеуі ресми тіркелді.
12-ші қыркүйектен бастап үміткерлер сайлаушылармен үгіт- насихат жұмыстарын жүргізуде. Әзірге заңбұзушылық дерегі тіркелген жоқ.
Кезекті сайлау кезінде осы аймақтағы 14 мәслихаттың 205 депутаты жасырын дауыс беруге қатысады.
Болат АМАНБАЕВ