Қостанай облысының Ұзынкөл ауданындағы мектеп асханасында бірден 53 бала астан ұшынды.
Тамақ ішкеннен кейін үш сағаттан соң оқушылардың бастары айналып, жүректері айни бастаған.
Ұшынғандардың ішінде 6 жасқа дейінгі шағын орталықтың тәрбиеленушілері де бар. Сондай-ақ, дайындық және бастауыш сынып оқушылары мен 6 мұғалім дәрігерлер көмегіне жүгінген.
11 бала санитарлық авиациямен Қостанай қалалық аурханасының инфекциялық бөліміне жеткізілді.
Дәуренбек ӘБДІБЕК