Жұмыссыз жандарға жаңа мүмкіндік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыссыз жандарға жаңа мүмкіндік

17.09.2014
Жұмыссыз жандарға жаңа мүмкіндік

Қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандар аз емес. Бәрі де ел қатарлы еңбек етіп, нәпақасын тапқысы келеді. Ниеті бар жандарға мемлекет те бей-жай қарамайды. Елбасының өзі оларды еңбекке тартуды тапсырды. Бүгін Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жұмыс жәрмеңкесі өтті.

Өміржан Атығаев аяғынан айырылғанда небәрі 27 жаста еді. Қазір сол кездерді есіне алғысы келмейді, бізбен де бөліспеді, құпия сақтағанды жөн көрді. Алайда, құлшынысына қарасақ, қырыққа таяған азамат әлі талай қамал алады. Бос орындар жәрмеңкесін босқа жібергісі жоқ. Дизайнер болғысы келеді.

2013 жылы Астанадағы жұмыспен қамту орталығына 396 мүмкіндігі шектеулі жан өтінішпен келген. Оның 86-сы тұрақты жұмысқа орналасты. Ал, биыл жұмыс іздегендер саны 400-ге жуық. 

Ғалым КӘЛМЕН

Хабарламаларға жазылу