Шығыс Қазақстан облысынан Сенат депутаттығына 3 үміткер тіркелді. Олардың біреуі заң шығарушы органның жоғарғы палатасына өзін екінші мерзімге ұсынған, ал қалған екеуі облыстық мәслихаттың депутаттары. Қазір үміткерлер сайлаушылармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Шығыс Қазақстан облысының атынан Сенатқа сайланатын депутатты жергілікті мәслихаттардың 313 депутаты таңдайды. Аумақтық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, өңірде 1-қазан күні болатын сайлауды өткізуге барлығы дайын.
Камал Арынханов, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі:
Парламенттің Сенат депутатына үміткерлер облыстың аудан, қалаларын аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олардың сайлаушылармен кездесуінің арнайы кестесі бекітілген.
Берік КӨШЕРБАЕВ