Ақтоғай ауданы бойынша қазір жас мамандардың тапшылығы қатты сезілуде. Себебі бұл өңір облыс орталығынан шалғайда орналасқан.
Ауданда қазір техникалық және ауылшаруашылық салалары бойынша да жас мамандар жеткіліксіз. Мәселен бұл өңірде 700-ден астам фермерлік шаруа қожалықтары бар. Алайда төрт түлікті түлетіп жатқандардың 90 пайызы жасы жетпістің шамасындағы қариялар.
Аудан орталығы Ақтоғайдың өз басында қазір түрлі сала бойынша 42 бос жұмыс орны тұр. Өкініштісі сол, келем деген жастарға берер үй де, күй де жоқ.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ