Қазақстанда алғаш рет осы айдың соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» атап өтілмек.
Мереке аясында елімізде бірқатар азаматтар «Еңбек ардагері» медалімен марапатталатын болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғындықов мәлім етті.
Оның айтуынша, бұл медаль экономиканың әр саласында жұмыс істейтін жұмысшылар, сондай-ақ, жалпы 40 жылдық еңбек өтілі бар, қызметінде ең жоғары нәтижелерге қол жеткізгендерге беріледі.
Сонымен қатар, Еңбек күніне орай бірнеше ауқымды іс-шаралар жоспарланған.
Дәулет Арғындықов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:
Аталған күнге орай мерекелік іс-шаралардың бірқатары Қазақстанның барлық облыстарында өтеді. Ал, Астанада «Жалпыға орай еңбек қоғамын құру» республикалық форумын ұйымдастыру жоспарда бар.
Оған кәсіподақ қозғалыстарының көшбасшылары, бизнес бірлестіктерінің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.
Индира БЕГАЙДАР