Әлем қауымдастығы күрделі кезеңнің алдында тұр. Қаржылық-экономикалық жағдай тұрақты емес.
Мұның соңы әлемдік дағдарыстың тағы да қайталануына әкеліп соғуы мүмкін.
Бұл туралы елордада өтіп жатқан ««Қазақстан-2050» Стратегиясының іске асырылуы және Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтағы рөлі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел барысында Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Сенат төрағасының айтуынша, Парламент Мемлекет басшысы айқындап берген ұзақмерзімді даму бағытын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуде.
Нұрбек БЕКБАУ