Алматыдағы Никольский базарынан өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы Никольский базарынан өрт шықты

15.09.2014
Алматыдағы Никольский базарынан өрт шықты

Бүгін Алматыда Никольский базарынан өрт шықты.

Куәгерлердің айтуынша, өрт жалыны «Алатау» кафесінің шатырын шарпып,  соған жапсарлас тұрған тұрмыстық зат бұйымдарын сататын сауда орындарын қамтыған.

Қызыл жалынды сөндіруге  65 құтқарушы мен 2 арнайы  және 9 негізгі техника жұмылдырылды. Мамандар оттың неден тұтанғанын анықтауда.

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу