«Мерейлі отбасы» рухани кеші аясында «Нұр Астана» мешітінде некелескен отбасылар бас қосты.
Орталық мешітте некесін қидырған ерлі-зайыптылар саны бүгінде 700-ден асады.
Шара барысында жастарға тағылымы мол кітаптар үлестірілді. «Бұл шара алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасатын болады», дейді ұйымдастырушылар.
Айғаным ӘЛІПОВА